Консультациялық пункт » «Ақ бота» балабақшасы» КМҚК
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«Ақ бота» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(72636) 7-22-52
Әдіскер
+7(775) 790-38-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2026

Консультациялық пункт

Балабақша психологы тарапынан ата-аналарға арналған «Баланың сөйлеу тілін ерте жастан дамыту» тақырыбында консультациялық пункт өткізілді.
Консультацияның мақсаты – ата-аналарға баланың ерте жастағы сөйлеу тілінің дамуы туралы түсінік беру, сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру және баланың тілдік қабілетін дамыту жолдары бойынша психологиялық-педагогикалық кеңес беру.
Консультация барысында баланың сөйлеу тілінің жас ерекшеліктеріне сай дамуы, сөздік қорын молайту, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар ата-аналарға баламен күнделікті қарым-қатынас жасау, ертегі оқып беру, тақпақтар жаттату, саусақ ойындарын ойнату, суреттер бойынша әңгімелесу және баланың сұрақтарына жауап беру арқылы сөйлеу тілін дамыту жолдары түсіндірілді.
Баланың сөйлеу тілін дамытуда отбасындағы қолайлы психологиялық ахуалдың, ата-ананың балаға көңіл бөлуінің және күнделікті тілдік қарым-қатынастың маңызы атап өтілді. Ата-аналарға баланың сөйлеу ерекшеліктерін бақылау, оны еркін сөйлеуге ынталандыру және қажет болған жағдайда тиісті мамандардың көмегіне жүгіну жөнінде ұсыныстар берілді.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив