Хабарландыру » «Ақ бота» балабақшасы» КМҚК
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«Ақ бота» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(72636) 7-22-52
Әдіскер
+7(775) 790-38-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2025

Хабарландыру

«Ақ бота» балалар бақшасына  педагогтерді   лауазымға тағайындауға конкурс   өткізу тәртібі.
 
 
  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің  «Ақ бота»   балалар бақшасы»   мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорыны».
  2. Мекен  жайы:  Гвардейский қалашығы  47А,  индекс:   080409,    Телефон:  8(726)3672255, элек. пошта: korday_dsakbota@mail.kz , инстаграм: gvardeisk.balabaksha_akbota, enbek.kz.
Бос орын:  мектепке дейінгі ұйымның    «психолог»  1 (бір)  бос уақытша лауазымы  
                   бойынша.
 
 Мерзімі:07.07.2025 жылға дейін
  1. Еңбек ақы төлеу келесі айдың онына дейін төленеді.
     Еңбек ақы мөлшері:      психолог:  266 353 теңге
 
 
  1. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: еңбек өтілі талап етілмейді,  білімі арнаулы орта немесе жоғары (педагог-психолог)
  2. Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелінеді     (жеті жұмыс күн ішінде)  
  3. 03.03.2025 жылы конкурс жарияланады
13.03.2025 жыл  құжаттарды қабылдау күні аяқталады  
 17.03.2025 жыл конкурс өтеді сағат 12:00 де
 
 
  1. Қажетті құжаттар тізбесі:  
  2.  Конкурсқа қатысу туралы  өтініш (3-қосымша) 
  3.  жеке басын куәландыратын құжат,   не цифрлық құжаттар сервисінен   
 алынған   электронды құжат (идентификация үшін);
 
 
  1.  кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекежайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  2.  Педагогтердің үлгілік  біліктілік сипаттамалары мен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік  талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 
  3. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  4. «Денсаулық сақтау саласындағы  есепке алу құжаттамасының  нысандарын бекіту туралы» ҚР ДСМ міндетін атқарушының 2020 жылдың  30 қазандағы  № ҚР   ДСМ - 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде№ 21579 болып тіркелген);
  5. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  6. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  7. Сертификаттаудан өтеу нәтижелері туралы сертификат  немесе қолданыстағы  санатының болуы туралы куәлік(бар болса); 
  8. 17 және 18 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша  бос лауазымына  кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
  9. тәжірибесі  жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін –өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы -720х480
  10. Кандидат білу тиіс   нормативтік  құқықтық құжаттар: 
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптары өз 
 қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады 
 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_ 
 «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293 
 «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан 
 Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_ 
 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000306_ 
 «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу 
 арқылы қолдау туралы»Қазақстан Республикасының Заңы 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000343_ 
 Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000137 
 «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын 
 санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023469 
 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
 беру стандарттары https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029031 
 Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік 
 оқу жоспарлары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200008275 
 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235 
 Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029329 
 Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандары 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013227 
 Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000077_ 
 Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750_ 
 Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272 
 Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру 
 және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015584 
 Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау 
 жүйелерімен жарақтау стандарттары және оларға қойылатын талаптар7 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018239 
 Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету 
 қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020883 
 Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі 
 ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы 
 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020708 
 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін 
 міндетті құжаттардың тізбесі https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020317 
 Педагогикалық әдеп қағидалары https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020619
Лауазымдық міндеттері: 
 мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
 баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;
 мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді;
 қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;
 мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;
 ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді; 
 белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады; 
 кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
 балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді; 
 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Білуге тиіс: 
 Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының Білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері;
 жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика; 
 педагогикалық этиканың нормалары;
 арнайы мектепке дейінгі педагогика, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;
 белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі; 
 ата-аналарға арналған жеке және топтық кәсіби кеңес берудің заманауи әдістері, баланың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау және түзету;
 еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

Похожие публикации:

01 ноябрь 2024 Хабарландыру
16 сентябрь 2024 Хабарландыру
12 январь 2024 Хабарландыру
02 ноябрь 2023 Хабарландыру
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив