Ата-аналарға » «Ақ бота» балабақшасы» КМҚК
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«Ақ бота» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(72636) 7-22-52
Әдіскер
+7(775) 790-38-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
Консультациялық пункт
23
октябрь
2026
Консультациялық пункт
Балабақша психологы тарапынан ата-аналарға арналған «Баланың сөйлеу тілін ерте жастан дамыту» тақырыбында консультациялық пункт өткізілді. Консультацияның мақсаты – ата-аналарға баланың ерте жастағы сөйлеу тілінің дамуы туралы түсінік беру, сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру және баланың тілдік қабілетін дамыту жолдары бойынша психологиялық-педагогикалық кеңес беру. Консультация барысында баланың сөйлеу тілінің жас ерекшеліктеріне сай дамуы, сөздік қорын молайту,
Консультациялық пункт
26
август
2026
Консультациялық пункт
2026 жылғы тамыз айында балабақшаның консультациялық пунктінің жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналарға «Жазғы демалыста бала қауіпсіздігі. Баланың эмоционалдық жағдайын қолдау. Жаңа оқу жылына дайындық» тақырыбында кеңес берілді. Кеңесті педагог-психолог жүргізді.Кеңес барысында ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үйде және далада қараусыз қалдырмау, жол және су қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар баланың
Ата - аналарға
22
июль
2026
Ата - аналарға
2026 жылғы шілде айында балабақшаның консультациялық пунктінің жоспарына сәйкес «Жазғы кезеңдегі дұрыс тамақтану. Баланың қимыл белсенділігін арттыру» тақырыбында ата-аналарға кеңес өткізілді. Кеңесті балабақша медбикесі жүргізді. Кеңес барысында балалардың жаз мезгіліндегі дұрыс тамақтану ерекшеліктері, дәрумендерге бай тағамдарды пайдалану, су ішу тәртібі, тағамнан уланудың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Консультациялық пункт
24
июнь
2026
Консультациялық пункт
2026 жылдың маусым айында балабақшаның консультациялық пункті аясында ата-аналарға «Жазғы сауықтыру кезеңін дұрыс ұйымдастыру» тақырыбында кеңес берілді. Кеңес барысында ата-аналар жаз мезгілінде балалардың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, қауіпсіздігін сақтау, дұрыс тамақтандыру және бос уақытын тиімді өткізу жолдарымен таныстырылды. Сонымен қатар күн сәулесінен қорғану, су қауіпсіздігі, жеке бас гигиенасын сақтау жөнінде ұсыныстар берілді. Кеңеске қатысқан ата-аналар
Консультациялық пункт
08
апрель
2026
Консультациялық пункт
Балабақша дене тәрбие нұсқаушысы Тлепиева Т.Г. “Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру” тақырыбында консультациялық пункт өткізді. Консультация барысында ата-аналарға мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік дамуының маңызы түсіндірілді. Әсіресе, балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өз ойын жеткізе білу, топта әрекет ету, достық қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастырылды.
Консультациялық пункт
18
март
2026
Консультациялық пункт
Балабақша психологы Галиева Т.Ш. “Отбасындағы дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың рөлі” тақырыбында консультациялық пункт өткізді. Консультация барысында ата-аналарға отбасы дәстүрлерінің бала тәрбиесіндегі маңызы туралы ақпарат берілді. Психолог отбасы мүшелері арасындағы жылы қарым-қатынас, өзара құрмет пен түсіністік бала тұлғасының қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлер мен отбасылық әдет-ғұрыптарды сақтау арқылы балаларға адамгершілік құндылықтарды,
Консультациялық пункт
25
февраль
2026
Консультациялық пункт
“Ақ бота” балабақшасының музыка жетекшісі Ашимова Такина “Баланың танымдық қабілеттерін дамыту ойындары” тақырыбында консультациялық пункт өткізді. Іс-шара барысында ата-аналарға мектепке дейінгі жастағы балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлауын, қиялын және тілін дамытуда музыкалық-дидактикалық ойындардың маңызы түсіндірілді.
Консультациялық пункт
19
январь
2026
Консультациялық пункт
Балабақша әдіскерінің міндетін атқарушы Ибраимова Жанар Акжолтаевна «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» тақырыбында консультациялық пункт өткізді. Іс-шара барысында ата-аналарға бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, ата-ананың жеке үлгісі мен қарым-қатынастың маңызы туралы түсіндірілді. Ата-аналарға баланың жас ерекшеліктеріне сай тәрбие беру, жағымды мінез-құлық қалыптастыру, баламен дұрыс тіл табысу жолдары жөнінде кеңестер берді. Сонымен қатар, отбасындағы психологиялық ахуалдың
Консультациялық пункт
11
декабрь
2025
Консультациялық пункт
Балабақша тәрбиешісі Абдимажитова Кундыз «Ұлттық құндылықтарды бала тәрбиесінде қолдану» тақырыбында консультациялық пункт өткізді. Консультация барысында тәрбиеші ата-аналарға ұлттық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды және қазақ халқының рухани мұрасын баланың күнделікті өміріне табиғи түрде енгізудің маңыздылығын түсіндірді. Ол ұлттық құндылықтар арқылы балалардың адамгершілік, еңбекқорлық, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу сияқты қасиеттерін дамытуға ерекше тоқталды.
Консультациялық пункт
28
ноябрь
2025
Консультациялық пункт
Балабақша дефектологы Мамырхан Аружан “Баланың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары” тақырыбында консультациялық пункт өткізді. Ата-анаға баланың тіл кемшіліктерін ерте анықтау, сөйлеуді дамыту әдістері мен үй жағдайында қолдануға болатын тиімді жаттығулар жөнінде кеңес берді. Дефектолог ата-анаға жеке кеңес беріп, әр баланың ерекшелігіне қарай қосымша тапсырмалар мен ұсыныстар ұсынды. #ақботаконсультациялықпункт