Ата-аналарға » Страница 2 » «Ақ бота» балабақшасы» КМҚК
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«Ақ бота» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(72636) 7-22-52
Әдіскер
+7(775) 790-38-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
Консультациялық пункт
21
ноябрь
2025
Консультациялық пункт
Балабақша логопедтері Нурбекқызы Мөлдір мен Есжанова Ақерке “Баланың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары” атты консультациялық пункті өте тартымды әрі пайдалы өтті. Құм терапиясы, үй жағдайында қолдануға болатын қарапайым әрі тиімді ойындар көрсетілді. Сонымен қатар маман ата-аналарға сөйлеуді дамытуда күнделікті тұрмыстық қарым-қатынастың маңызы зор екенін атап өтті. Әрбір серуен, әрбір ойын және үйдегі орта — баланың сөздік қорын байытатын тамаша мүмкіндік. #ақботаконсультациялықпункт
Консультациялық пункт
24
октябрь
2025
Консультациялық пункт
Балабақша медбикесі Таболдиева Гульдария “Баланы отбасында тәрбиелеудің тиімді әдістері” тақырыбында консультациялық пункт өткізді. Медбике ата-аналармен әңгіме өткізіп, баланың дене және психологиялық дамуына әсер ететін факторларға тоқталды. Әсіресе, отбасындағы жылы қарым-қатынастың, күн тәртібінің сақталуы мен дұрыс тамақтанудың бала тәрбиесіндегі маңызы ерекше екені айтылды. #ақботаконсультациялықпункт
Консультациялық пункт
13
октябрь
2025
Консультациялық пункт
«Баланы отбасында тәрбиелеудің тиімді әдістері» тақырыбында балабақша психологы Галиева Танзиля Шамильевна ата-аналарға арналған консультациялық пункт өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналарға бала тәрбиесінде тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну, отбасындағы қарым-қатынасты нығайту және бала дамуына қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырудың жолдарын көрсету болды. Кездесу барысында психолог отбасындағы тәрбиенің бала тұлғасының қалыптасуындағы рөліне тоқталып, жылы және сенімді ата-ана мен
Консультациялық пункт
16
сентябрь
2025
Консультациялық пункт
“Ақ бота” балалар бақшасының меңгерушісі Заурбаева Саракуль Сакеновна және әдіскер Евескина Алия Тугельбаевна консультациялық пункт ата-аналарына “Тәрбие бесігі” жобасымен таныстырды. Кездесу барысында жоба мақсаты мен мазмұны түсіндіріліп, оның ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізудегі маңыздылығы атап өтілді. “Тәрбие бесігі” жобасы — отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайтуға, ата-аналардың тәрбиелік жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Шара кезінде әдіскер жоба аясында өткізілетін
Консультациялық пункт
14
август
2025
Консультациялық пункт
“Ақ бота” балабақшасының психологы Галиева Т.Ш. мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін тақпақтар, ертегілер, сурет салу және жапсыру арқылы дамытуға болатынын түсіндірді. #Ақботаконсультациялықпункт
Консультациялық пункт
30
июль
2025
Консультациялық пункт
“Ақ бота” балабақшасының консультациялық пункт маманы дене тәрбиесі нұсқаушысы Тлепиева Т.Г. ата-аналарға балалардың негізгі қимыл-әрекеттерін жетілдіріп,спорттық қозғалыс жаттығуларын жасауының маңызы зор екендігін түсіндіріп,кеңестер берді. #Ақботаконсультациялықпункт
Консультациялық пункт
25
июль
2025
Консультациялық пункт
“Ақ бота” балабақшасының консультациялық пункт маманы Бейсембек Г. ата-аналарға мектепке дейінгі жастағы балалардың айналаны тануы ойын іс -әрекеті арқылы дамитынын түсіндіре отырып, түрлі дидактикалық ойындармен таныстырды. #Ақботаконсультациялықпункт
Консультациялық пункт
27
июнь
2025
Консультациялық пункт
“Ақ бота” балабақшасының консультациялық пункт мамандары ата -аналармен  жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы:балалардың күн сәулесінің әсерінен,серуен барысында ойын ережелерін сақтау және жәндіктерден сақтану жолдары туралы кеңестермен бөлісті. #Ақботаконсультациялықпункт 
Консультациялық пункт
12
июнь
2025
Консультациялық пункт
“Ақ бота” балабақшасының консультациялық пункт мамандары ата-аналарға балалардың жаз мезгіліндегі күн тәртібін дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор екендігін түсіндіріп,кеңестер берді. #Ақботаконсультациялықпункт
Консультациялық пункт
30
май
2025
Консультациялық пункт
“Ақ бота” балабақшасының консультациялық пункт мамандары логопед Альчабаева Б.Б. мен дефектолог Мамырхан А.Е. ата-аналарға балалармен арнайы жаттығулар жасауға,сөйлеу дағдыларын бекітуге,сонымен қатар оларды белсенді қолданысқа енгізуге ынталандыратын әрекеттер туралы кеңес берді. #Ақботаконсультациялықпункт