Консультациялық пункт » «Ақ бота» балабақшасы» КМҚК
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«Ақ бота» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(72636) 7-22-52
Әдіскер
+7(775) 790-38-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2025

Консультациялық пункт

“Ақ бота” балалар бақшасының меңгерушісі Заурбаева Саракуль Сакеновна және әдіскер Евескина Алия Тугельбаевна консультациялық пункт ата-аналарына “Тәрбие бесігі” жобасымен таныстырды.
Кездесу барысында жоба мақсаты мен мазмұны түсіндіріліп, оның ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізудегі маңыздылығы атап өтілді. “Тәрбие бесігі” жобасы — отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайтуға, ата-аналардың тәрбиелік жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Шара кезінде әдіскер жоба аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарын, ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтердің мазмұнын таныстырды. Меңгеруші өз кезегінде ата-аналардың баланың тұлғалық дамуына белсенді қатысуының маңызын айтып өтті.
Кездесу соңында ата-аналар жобаға қызығушылық танытып, өз ұсыныстарын білдірді.
#Ақботаконсультациялықпункт
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив