Жылдық есеп 2024 жыл
«Ақбота» балабақшасының 2024 оқу жылының
тәрбиелеу –білім беру процесін ұйымдастырудың жылдық есебі.
«Ақ бота» балалар бақшасының ғимараты 1989 жылы қолданысқа берілген. «Ақ бота» балабақшасы 2006 жылы ашылды ,жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Балабақшаның оқыту тілі –қазақ тілі. Жыл басындағы топтарды жинақтауы бойынша:
№ | Жас топтары | Топтар саны | Бала саны | Жас ерекшелігі |
1 | кіші топ | 1 | 20 | 2 жастағы балалар |
2 | ортаңғы топ | 5 | 130 | 3 жастағы балалар |
7 | ересек топ | 4 | 100 | 4 жастағы балалар |
11 | мектепалды топ | 3 | 75 | 5 жастағы балалар |
Барлығы | 13 | 325 |
Жас ерекшеліктері бойынша топтар саны:
№ | Топ атауы | Жас топтары | Бала саны | Жас ерекшелігі |
1 | «Ботақан» | кіші топ | 20 | 2 жастағы балалар |
2 | «Айгөлек» | ортаңғы топ | 26 | 3 жастағы балалар |
3 | «Балапан» | ортаңғы топ | 26 | 3 жастағы балалар |
4 | «Балдырған» | ортаңғы топ | 26 | 3 жастағы балалар |
5 | «Құлыншақ» | ортаңғы топ | 26 | 3 жастағы балалар |
6 | «Қошақан» | ортаңғы топ | 26 | 3 жастағы балалар |
7 | «Бәйшешек» | ересек топ | 25 | 4 жастағы балалар |
8 | «Балауса» | ересек топ | 25 | 4 жастағы балалар |
9 | «Қызғалдақ» | ересек топ | 25 | 4 жастағы балалар |
10 | «Мәншүк» | ересек топ | 25 | 4 жастағы балалар |
11 | «Әлия» | мектепалды топ | 25 | 5 жастағы балалар |
12 | «Балдәурен» | мектепалды топ | 25 | 5 жастағы балалар |
13 | «Қайрат» | мектепалды топ | 25 | 5 жастағы балалар |
Барлығы | 13 | 325 |
Педагогтардың сапалық құрамы:
№ | Жалпы педагогтар саны | Жоғары білімді | МДТ | Арнаулы орта | МДТ |
1 | 35 | 31 | 24 | 4 | 3 |
Педагогтардың сапалық құрамы:
№ | Жалпы педагогтар саны | Санаты жоқ | Бірінші санатты | Педагог-модератор | Педагог-сарапшы |
1 | 34 | 7 | 1 | 24 | 2 |
Балабақша меңгерушісінің санаты: ІІ- санатты басшы-ұйымдастырушы;
«Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің 2022 жылғы 03 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын» басшылыққа ала отырып, «Ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, баланың бойына экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру. Толыққанды бала тұлғасын қалыптастыру үшін денсаулық сақтау технологияларын түрлендіре отырып қолдану. Балаға қауіпсіз орта құру» мақсатын жүзеге асыру барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Балаға танымдық дамыту орталықтарын толықтыру және қауіпсіз орта құру мақсатында бюджет есебінен ойыншықтар алынды.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын ұстана отырып, балабақша мен отбасындағы сабақтастық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Әжелер, аналар,әкелер» мектебі құрылып,жасалған жұмыстары әлеуметтік желілерге жарияланып тұрады.
Жыл басында педагогтардың құзыреттіліктерін жетілдіру мақсатында әрбір педагог балабақшаның негізгі мақсатын басшылыққа ала отырып, бекітілген тақырыптар бойынша білімдерін жетілдіріп, жоспар бойынша төмендегі педагогтар біліктілігін арттыру курстары бойынша білімдерін жетілдірді: сәуір айында ҚР Оқу-ағарту Министірлігі «Ұлттық ғылыми –практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруы бойынша дене тәрбиесі нұсқаушысы Турлыбекова Раушан Байсеитовна 80 сағаттық курсынан өтіп,сертификат алды. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығындағы курстан 6 педагог дәріс алды.
Мамыр айында тәрбиешілер: Г.М.Бейсембек пен Ж.Э.Туркменбаева «Мектепке дейінгі ұйымның заттық кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының 72 академиялық сағаттық курсын аяқтады.
Мамыр айында «Дарын онлайн» білім беру платформасының «Мектепке дейінгі ұйымдарды инклюзивті оқыту» 80 сағаттық курсынан өткен психолог П.С.Кішкенебай, дефектолог А.Е.Мамырхан, логопед Б.Б.Альчабаева, дене тәрбиесі нұсқаушысы Т.Г.Тлепиева сертификатын алды.
Балабақша меңгерушісі С.С.Заурбаева, әдіскер А.Т.Евескина, тәрбиеші А.Е.Ағабекова «Білім беру ұйымдарын басқару менеджменті» 80 сағаттық курсының сертификатын алды.
«Ойын құзыреттілігін дамыту» атты және «Үздік тәрбиеші» біліктілік арттыру курсынан Ж.Э.Туркменбаева,А.Ж.Курманова,Ж.А.Найманбаева, Ж.И.Ибраимова,Б.Б.Альчабаева,Р.Ж.Жолдасова,К.Е.Черимбекова, А.А.Беспаева сертификатын алды.
Тамыз айында меңгеруші С.С.Заурбаева «Білім беру ұйымдарын басқару менеджменті» тақырыбында 80 сағаттық курсының сертификатын алды;
Қыркүйек айында тәрбиеші А.Ж.Ибраимова,музыка жетекшісі Ж.Т.Алтынбекова, дефектолог А.Е.Мамырхан «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарды педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында 72 сағаттық курсынан дәріс алды.
Қазан айында ҚР Оқу – Ағарту Министрлігі «Таным.кз» біліктілікті арттыру орталығының «Инклюзивті білім беру мен үйде оқытуды ұйымдастыру және арнайы балалармен жұмыс жасау» тақырыбында Ж.К.Базарбаева, А.Ж.Курманова,Р.Ж.Жолдасова,К.Е.Черимбекова,К.Ш.Дауренова, Г.Ж.Ошанова, Ж.Т.Алтынбекова, Ж.И.Ибраимова, Ж.Э.Туркменбаева ,Ж.А.Найманбаева 80 сағаттық курсының сертификатын алды.
Кадрлармен жұмыс тарауы бойынша аттестаттау комиссиясы педагог-модератор санатына өтініш берген педагогтардың құжаттарын зерделеп, аудандық білім бөліміне тізімдері жіберілді. 2024 оқу жылында санаты жоқ педагогтар: А.Ж.Курманова, А.Е.Мамырхан, Ж.А.Найманбаева, А.С.Баратова, А.А.Болхиева педагог –модератор біліктілік санатын алды.
Жыл бойы тәрбиеленушілер мен педагогтарымыз түрлі балабақшаішілік, аудандық және облыстық байқауларға, іс-шараларға белсене қатынасып отырды. Атап айтсақ,қаңтар айында «Онлайн шеберхана» айдары бойынша «Көктем гүлі» тақырыбында Беспаева Айжан Алимбаевна мен Базарбаева Жулдыз Куанышбаевна облыс көлемінде өз іс-тәжірибесімен бөлісіп,ютуб арнасына салынды.
Ақпан айында «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи үрдістері» тақырыбындағы озық іс-тәжірибелерді тарату мақсатында аудандық семинар- практикум ұйымдастырылды. «Балдәурен» мектепалды топ тәрбиешілері: Ағабекова Гульмира Ералықызы мен Ибраимова Жазира Исабековна «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында ұ.і.ә өтті. «Қайрат» мектепалды топ тәрбиешілері: Саламатова Рысгуль Мергеновна және Касимханова Айнура Канатовна «Алшы асық» тақырыбында ұ.і.ә өтті. «Әлия» ересек топ тәрбиешілері: Айдынбаева Шынар Курманбековна мен Ошанова Гульнур Женисбековна «Әжеге қонаққа барамыз» тақырыбында ұ.і.ә бөлісті. «Қызғалдақ» ересек топ тәрбиешілері: Дауренова Кундызай Шержигитовна мен Байжан Ақмарал Мырзаханқызы «Менің елім - Қазақстан» тақырыбында ұ.і.ә өтті. «Құлыншақ» ортаңғы топ тәрбиешілері: Найманбаева Жанар Асилхановна және Жасыбаева Раушан Несипбаена «Қыс қызығы» тақырыбында ұ.і.ә өтті. Дене шынықтыру нұсқаушысы: Тлепиева Толкын Габдыхамитовна «Қайрат» мектепалды топ тәрбиеленушілерімен «Ұлттық ойындар» тақырыбында ұ.і.ә бөлісті. Музыка жетекшісі: Алтынбекова Жулдыз Тилеубергеновна «Балдәурен» мектепалды топ тәрбиеленушілерімен «Ұлттық аспаптар» тақырыбында ұ.і.ә өтті.Логопед Альчабаева Багира Базарбаевна мен дефектолог Мамырхан Аружан Ерланқызы бірлесіп «Мектеп жасына дейінгі балалардағы тіл бұзылыстарын түзету жұмыстарына арналған ойындар» тақырыбында шебер сабақ өткізді. Психолог: Кішкенебай Перизат Сиязбайқызы «Жақсы көңіл-күй - жанға азық» тақырыбында келген қонақтармен тренинг жүргізді. Қордай ауданы білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйым әдіскері Амреева Раушан Сагыновна семинар-практикумда өз іс-тәжірибелерімен бөліскен педагогтарды мадақтамамен марапаттады.
Ақпан айында «Әжем, анам және мен» атты аудандық байқауынан бас жүлдені жеңіп алып, облыстық байқауда балабақша тәрбиеленушісі Намазбек Нурима ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшілік еткен тәрбиеші Г.А. Ерменова мен дене тәрбиесі нұсқаушысы Р.Б.Турлыбекова «Алғыс хатпен» марапатталды.
Наурыз айында «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» атты республикалық байқаудың аудандық кезеңіне тәрбиешілер Р.М. Саламатова және А.А. Болхиева жетекшілік етіп, «Қайрат» тобының тәрбиеленушісі Есенгелді Аңсар І орынды иеленді және балабақша тәрбиеленушілері Болатбек Ильяс пен Қабытаева Салтанат қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді.Жетекшілері тәрбиешілер:А.С. Баратова мен Ж.Э. Туркменбаева «Алғыс хатпен» марапатталды. 1-наурыз «Алғыс айту»күніне орай мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізілген «Барлығына рахмет!» республикалық челленджіне балаларды жоғары кәсіби шеберлікпен дайындағаны үшін балабақша педагогтері: балабақша меңгерушісі С.С.Заурбаева және педагогтар Ж.К.Базарбаева, А.А.Беспаева,А.С.Баратова,Г.А.Ерменова, «Алғыс хатпен» марапатталды.
Сәуір айында республикалық байқаудың аудандық кезеңіне тәрбиеші Г.А.Ерменова жетекшілігімен мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткен «Ғарышкерлер күні» тақырыбында сурет салудан балабақша тәрбиеленушісі Бейсенбай Мирас жүлделі ІІ орынды иеленді.
Сәуір айында «Мен зерттеушімін» республикалық байқаудың аудандық кезеңіне тәрбиешілер Ж.А.Ибраимова мен тәрбиеші Г.Е.Ағабекова жетекшілігімен балабақша тәрбиеленушісі Жиенбай Айя ІІ орынды иеленді.
Сәуір айында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты республикалық байқауының аудандық кезеңіне музыка жетекшісі Алтынбекова Жулдыз Тилеубергеновна қатысып, жүлделі І-орынды иеленді.
Мамыр айында тәрбиеші Ж.С. Каракузова мен А.Т. Евескинаның жетекшілігімен халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Менің елім-менің бақытты балалық шағым» атты аудандық байқауға балабақша тәрбиеленушісі Бейсембай Мирас «Хореографиялық бейімі» номинациясымен І орын жүлделі орын иеленді.
Маусым айында ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институының» озық тәжірибені тарату және Виртуалды әдістемелік кабинетіне орналастыру мақсатында «Режимдік сәттер» айдарымен үздік видеолар ұсынғаны үшін логопед Б.Б.Альчабаева, психолог П.С.Кішкенебай, дефектолог А.Е.Мамырхан және әдіскер А.Т.Евескина мен тәрбиеші А.Г.Ерменова «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Қыркүйек айында тәрбиешілер К.Ш.Дауренова мен Ж.И.Ибраимова жетекшілігімен «Мәншүк» ересек тобының тәрбиеленушісі Талхатжанқызы Айсана «Шаңырақ» отбасылық бейнероликтер байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы атанып, облыстық байқаудың «Үлгілі отбасы» номинациясы дипломымен марапатталды.
Қыркүйек айында «Қазақшаң қалай,балақай?» атты бейнероликтер байқауына логопед Б.Б.Альчабаева иен дефектолог А.Е.Мамырхан мад тобының тәрбиеленушілерімен қатысып, «Үздік ұйымдастырылған балалар әрекеті» номинациясымен марапатталды.
Қазан айында Qaztest.kz ұйымдастырған олимпиада қорытындысы бойынша І орын- 17 педагог, ІІ орын -16 педагог, ІІІ орын -1 педагог дипломдармен марапатталды. «Абай оқулары» байқауына да педагогтарымыз белсенді қатысып, дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталуда.
Қараша айында аудандық «Үздік дамытушы бағдарламасы» байқауында меңгеруші С.С.Заурбаева мен әдіскер А.Т.Евескинаның «Балабақшадағы экологиялық тәрбие» жұмысы үздік деп танылып, облысқа ұсынылды.
Желтоқсан айында «Жүрегімді балаларға арнаймын» атты аудандық фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алып, облысқа жолдама алды.
2025 оқу жылына алынатын міндеттемелер:
-облыс көлеміне педагогтардың іс-тәжірибесін тарату.
-«Балабақшадағы экологиялық тәрбие» тақырыбында авторлық бағдарламаларды қолға алу.
- Зерттеуші, сарапшы санаттарына педагогтардың санатын көтеру.
- Материалдық-техникалық базасын нығайту. (интерактивтік тақта)