Хабарландыру » «Ақ бота» балабақшасы» КМҚК
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«Ақ бота» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(72636) 7-22-52
Әдіскер
+7(775) 790-38-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
декабрь
2023

Хабарландыру

МКҚК «Ақ бота» балалар бақшасының 

2023 жылғы өткізілген іс –шаралардың  нәтижелерінің қорытындысы. 

«Ақ бота» балалар бақшасында  2023 жылдың   қаңтар – желтоқсан айы                 аралығында төмендегідей іс-шаралар өткізілді. 

Ақпан айында «Ана, әже және мен» атты республикалық  байқауының                    аудандық  кезеңіне «Қайрат» тобының тәрбиеленушісі Қайрат София,  жетекшілері Жумагулова Жанаркул Толегеновна  мен Ибраимова Жазира Исабековна  қатысып,  жүлделі І- орын иеленді.   

1 – наурыз «Алғыс айту   күніне» орай,    «Ақ бота»    балабақшасының  командасы   «Алғысым шексіз сіздерге» атты  аудандық фестиваліне  қатысып,   жүлделі І- орын иеленді.

Наурыз айында «Шымырлық пен шеберлік күні»  шеңберінде «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»  қолөнер, «Ханталапай» ойыны  республикалық  байқауының аудандық кезеңіне Ажибаева Дамира  Тынышбековна,   Ибраимова Жанар Акжолтаевна  ІІІ - дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Сәуір айында «Мен зерттеушімін» республикалық  мектепке дейінгі жастағы  балалар байқауының аудандық кезеңіне қатысып,  тәрбиеші Касимханова  Айнура   Канатовна  бас жүлде  иеленіп,  облыстық байқауға жолдама алды. 

Сәуір айында «Мектепке   дейінгі ұйымның үздік педагогы»  атты республикалық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы дене шынықтыру нұсқаушысы  Тлепиева Толқын Габдыхамитовна  І- орынды иеленді.

Мамыр айында «Ақ-ботам» онлайн олимпиадасына төмендегі тәрбиеленушілер: Берікбай Інжу, Қайратқызы София, Файзулла Айару, Жұматай Сағадат, Айтуғанова Көркем, Шамшитин Досжан   І-дәрежелі дипломдармен марапатталды,   Оразалы Дарын, Сайдулла Арсен, Берікбай Ерсұлтан ІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды. 

Мамыр айында «Қызыққа толы сәттер» сауықтыру кезеңін ұйымдастыру туралы фото, бейнесюжеттер республикалық байқауының  аудандық кезеңінің жеңімпаздары   мектепалды топ тәрбиеленушілері мен жетекшісі  Ибраимова Жанар Акжолтаевна   ІІ- орын мадақтамасымен марапатталды. 

Тамыз айында «Стратегиялық міндеттер мен ұлттық құндылықтар – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт» тақырыбында аудандық тамыз кеңесіне белсене қатысқаны үшін тәрбиеші Абитова Жанара Миятбаевна мадақтамамен  марапатталды.

Қазан айында «Менің елім - Қазақстан» атты аудандық патриоттық әндер байқауына   «Қызғалдақ»  ересек тобының тәрбиеленуші Ербол Нұрайым және жетекшілері Баратова Ақжарқын Сабитқызы мен Саламатова Рыскуль Мергеновна қатысып,  жүлделі І- орынмен марапатталды. 

Қазан айында «Таңғажайып ойыншықтар  әлемі» атты облыстық байқауының аудандық кезеңіне тәрбиешілер: Болхиева Айнаш Амирхановна, Ерменова Гүлнұр Алтынбековна, Баратова Ақжарқын Сабитовна қатысып,  жүлделі ІІІ- орын иеленді. 

Қазан айында «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» атты облыстық байқаудың жеңімпазы Ошанова Гульнур Женисбековна облыс әкімдігі  білім басқармасының  ІІ - дәрежелі дипломымен  мараптталды. 

Қазан айында «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибесі болашағы»  атты облыстық педагогикалық оқулардың жеңімпазы Абдраимова Айгерим Досекеевна  облыс әкімдігі   білім басқармасының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. 

Қараша айында этностардың  (Қазақстанда тұратын ұлттар) отбасының мектепке дейінгі жастағы балалармен бірге қатысуымен өткізілетін «Шаңырақ» бейнероликтер байқауының аудандық, облыстық кезеңінен бас жүлдені иеленіп, республикалық байқауына  жолдама алып,  мектепалды «Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Юрченков Тимофей  жетекшілері: Ағабекова Гулмира Ералықызы   мен Абитова Жанара Миятбаевна республикалық оқу-ағарту министірлігінің алғыс хатымен   марапатталды.

Желтоқсан айында «Өнеріміз саған- Қазақстан» атты аудандық кезеңіне Ерменова Гүлнұр Алтынбековна  мен Кішкенебай Перизат Сиязбайқызы  қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 

Желтоқсан айында «Тәуелсіздік - тұғырым» атты аудандық кезеңіне Ш.С.Даденбаева мен А.Г.Ерменова   бас жүлдені жеңіп алып, облыстық байқаудың  жүлделі ІІ - дәрежелі дипломмен марапатталды.


















Похожие публикации:

25 сентябрь 2023 Хабарландыру
22 сентябрь 2023 Хабарландыру
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив