26
август
2026
Консультациялық пункт
2026 жылғы тамыз айында балабақшаның консультациялық пунктінің жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналарға «Жазғы демалыста бала қауіпсіздігі. Баланың эмоционалдық жағдайын қолдау. Жаңа оқу жылына дайындық» тақырыбында кеңес берілді.
Кеңесті педагог-психолог жүргізді.Кеңес барысында ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үйде және далада қараусыз қалдырмау, жол және су қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар баланың эмоционалдық жағдайын бақылау, көңіл-күйіне назар аудару, баламен дұрыс қарым-қатынас орнату, оны қолдау және мадақтау мәселелері қарастырылды. Ата-аналарға баланың жаңа оқу жылына психологиялық тұрғыдан дайындалуына жағдай жасау жөнінде ұсыныстар берілді.
Баланың күн тәртібін біртіндеп қалыпқа келтіру, ұйқы уақытын реттеу, балабақша режиміне бейімдеу және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру қажеттігі түсіндірілді.