Консультациялық пункт » «Ақ бота» балабақшасы» КМҚК
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«Ақ бота» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(72636) 7-22-52
Әдіскер
+7(775) 790-38-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2024

Консультациялық пункт

Анықтама
«Ақ бота» балабақшасының консультациялық пункт мамандары ата-аналармен «Сөйлесу қажеттілігін ынталандыруға бағытталған технологиялар» тақырыбында ойын-сабақ өткіздік.
Консультациялық пункт мамандары ата-аналарға В.В. Воскобовичтің «Ойынның ертегілік лабиринттері»технологиясының «Төрт түсті шаршы», «Мөлдір шаршы», «Ғажайып ұяшық» ойындарымен таныстырып, ойнатты, ертегі терапиясының маңызын түсіндіріп, мнемотехника әдісін үйретті. 
Ертегі терапиясы:
- баланың сөйлеуін дамытады, сөздік қорын байытады, дұрыс диалог құруға көмектеседі;
- байланысты логикалық сөйлеуі, сұрақтар қоя білу шеберлігі дамиды; 
- баланың эмоцияларын дамытады, бала ертегі кейіпкерлерін елестете отырып, кейіпкерлердің ішкі дүниесін ұғынуды, оларға жанашырлық танытуды үйренеді;
- баланың қиялы, шығармашылық қабілеті артады;
- балаға жағымды эмоционалдық көңіл-күй сыйлайды;
- баланың ертегі кітапқа деген сүйіспеншілігі оянып, әртістік қабілеті артады.
Ата-аналармен өткізілген іс-шара баланың сөйлеуге деген ынтасын қалыптастырады. Ата-аналар ойындардың барлығын жақсы үйреніп, балаларына қолданатындықтарын айтты.

Консультациялық пункт мамандары


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив