Консультациялық пункт » «Ақ бота» балабақшасы» КМҚК
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
«Ақ бота» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(72636) 7-22-52
Әдіскер
+7(775) 790-38-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Консультациялық пункт
22
май
2024

Консультациялық пункт

Анықтама
«Ақ бота» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушылары балалармен «Секіру» (балалармен қимыл-қозғалыс ойындары) тақырыбында ойын-сабақ өткізді.
Дене шынықтыру нұсқаушылары балаларға әртүрлі қимыл-қозғалыс ойындарын үйретіп, ойнатты. 
«Секіртпелі жолдар»
Мақсаты: Балаларды белгі бойынша алға жылжуға, тізені бүгіп аяқ ұшын көтеріп секіруге үйрету, нақтылық пен шыдамдылық танытуға дағдыландыру.
Барысы: Балалар бір дөңнен екінші дөңге секіреді. Іздерді басып, қолдары белде болады
«Торайды тамақтандыр»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйретіп, дәл тигізуге дағдыландыру.
Ойын барысы:
Белгілі бір кедергілерден өтіп
Тунельден тізерлеп өту.
Секіртпеден секіріп өту.
Шелектен доп алып торайдың аузына көздеп лақтыру .
«Кім жылдам?»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйретіп, түстерді ажыратуға, шапшаңдықтарын қалыптастыру.
Ойын барысы: Түрлі-түсті бөтелке қақпақтарын шашып араластыру, «1-2-3, Баста!!!» деген кезде балалар өздеріне керек түсті жинайды, болған бала сапқа тұрады.
«Обручьтермен эстафеталық ойын»
Балалар екі қатарға тұрады. Әр қатардың алдында 2 м жерде обручь жатады.
«Алға» дегенде әр қатардағы бірінші ойыншы алға жүгіріп, обручьті жоғары көтеріп онын ішінен өтіп орнына қойып
Өз тобына жүгіріп келеді.
Қай топ бірінші келсе сол жеңіске жеткен болып есептелінеді.
Қимыл-қозғалыс ойындарының бала өмірінде маңызы зор, өйткені ол баланың қоршаған ортаны білуі мен ұғынуының таптырмас құралы іспетті. Ойында баланың ширығып, толғануы оның күшін жұмылдырып, қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі.

Дене шынықтыру нұсқаушылары


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив