Ата - аналарға
2026 жылғы шілде айында балабақшаның консультациялық пунктінің жоспарына сәйкес «Жазғы кезеңдегі дұрыс тамақтану. Баланың қимыл белсенділігін арттыру» тақырыбында ата-аналарға кеңес өткізілді. Кеңесті балабақша медбикесі жүргізді. Кеңес барысында балалардың жаз мезгіліндегі дұрыс тамақтану ерекшеліктері, дәрумендерге бай тағамдарды пайдалану, су ішу тәртібі, тағамнан уланудың алдын алу жолдары түсіндірілді.