Хабарландыру
«Ақ бота» балабақшасына педагогтерді лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі.
1.Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің
«Ақ бота» балабақшасы МКҚК.
Гвардейский қалашығы 47А, индекс: 080409, Телефон: 8(726)3672255,
элек. пошта: korday-dsakbota@mail.kz
Бос орын: бір тәрбиешілік (уақытша) лауазымы бойынша.
2.Еңбек ақы төлеу келесі айдың онына дейін төленеді.
Еңбек ақы мөлшері: 188048 теңге
3.Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: еңбек өтілі талап етілмейді, білімі арнаулы орта немесе жоғары (мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу)
4.Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелінеді ( жеті жұмыс күн ішінде)
5.Қажетті құжаттар тізбесі:
-өтініш ( 10 қосымша)
-жеке куәлік, электронды құжат (идентификация үшін);
-кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
-педагогтердің біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
-еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
-«Денсаулық сақтау саласының есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» ҚР ДСМ міндеттерін атқарушының 2020 жылдың 30 қазандағы ҚР ДСМ №175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
-Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
-Наркологиялық ұйымнан анықтама;
-Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының,педагог-зертеушінің,педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік(болған жағдайда);
-11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.